17 ақпан 2022 16:27

Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/ilyailyinforever Фото:instagram.com/ilyailyinforever

Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин ағасы Алексейдің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин ағасы Алексейдің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыратлет ағасы Алексей Ильин 16 ақпанда ұсталғанын, қазір изоляторда екенін айтты.

"Ағама келсек, мен бұл туралы жақында білдім. Мен үшін де, менің отбасым үшін де жағымсыз жаңалық болды. Менің ойымша, қазір бұл мәселе туралы ашық айту менің құзыретім емес. Тергеу органдары айналысып жатыр. Ағам изоляторда, ол кеше ұсталды. Оған тағылған айып бойынша адвокат жұмыс істеп жатыр. Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Қазір бүкіл отбасымызбен оны кепілмен шығарып алуды ойлап жатырмыз", - деді Ильин.

Илья Ильинның айтуынша, бұл мәселе бойынша БАҚ өкілдерімен сөйлеспеген, Алексей есімді ағасы жоқ екенін де айтпаған.

"Маған көп қоңырау түсіп жатыр. Олардың айтуынша, Алексей деген ағам жоқ деппін. Мұның бәрі өтірік және арандату. БАҚ өкілі кіммен сөйлескенін білмеймін, бірақ мен ресми түрде мәлімдеймін, ешқандай журналиспен сөйлескен жоқпын. Бұл ақпарат қайдан шыққанын редакциядан сұрау керек. Мұны әлі анықтаймыз.

Мені қолдайтындардан ерте қорытынды жасамауды сұраймын. Қолдауларыңызға рақмет достар. Мен ағамнан бас тартпағанымды және бас тартпайтынымды тағы айтамын", - деді спортшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети