03 ақпан 2017 19:36

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жалғасы

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды. Ал өткен жылдың қыркүйегінде ол ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов биыл желтоқсан айында 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети