Иманғали Тасмағамбетов романс орындады: Желіде видео тарады

12 Қараша 2018, 13:12
1
Иманғали Тасмағамбетов романс орындады: Желіде видео тарады - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Қазнетте Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің Александр Малининнің "Напрасные слова" әнін орындап жатқаны түсірілген ролик таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманғали Тасмағамбетов бұл әнді қазақстандық белгілі композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың 70-жылдық мерейтойында орындаған. Видеода композитордың да бірге ән айтқаны түсірілген.

Мерейтой Қазақстанда атап өтілген. Айта кетейік, Төлеген Мұхамеджанов 27 шілдеде дүниеге келген. Бұл видео шамамен туған күннен кейін 4 айдан соң жарияланып отыр.

Видео қазіргі уақытта Қазнетте кеңінен таралып жатыр. Желі қолданушылары Иманғали Тасмағамбетовтің даусына тәнті болып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????ZTB.KZ (@ztb_kz)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай