25 ақпан 2014 11:11

Ирландияның көмегімен Семейде хоспис салынады

Фиона Коркоранның Бердібек Сапарбаевпен кездесуі

Ирландияның қайырымдылық қорының көмегімен Семейде хоспис салынады. Бұл туралы ирландиялық "Чернобыльдан да маңызды іс" қайырымдылық ұйымының төрайымы Фиона Коркоран облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесу кезінде Фиона Коркоран Семейде отыз орындық хоспис ғимаратын салуды жоспарлап жүргенін жеткізді. Облыс әкімі бұл ұсынысына қолдау білдіріп, оның хоспис салуға бөліп отырған 152 мың еуро қаражатына қосымша облыстық "Парыз" қорынан 12 миллион теңге қаржы бөлінетінін айтты. Ал болашақ медициналық мекеменің қай аумақта орналасатыны және қай мекеменің қарамағында болатыны облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковке тапсырылды. Айта кетейік, ол бұған дейін Семейдегі "Қызыл крест" ұйымына қарасты аурухананы қажетті құрал-жабдықтармен қамту, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған жанұя балаларын қолдау, ауылдық жерлердегі шағын бизнесті дамыту, полигоннан зардап шеккен балаларды шетелде емдету тәрізді қайырымдылық көмектер жасаған болатын. "Мен Шығыс Қазақстанды, Семей қаласын өзімнің екінші Отаным санаймын. Мұнда өмірге құштар тамаша адамдар өмір сүреді, осында келген сайын тағдырдың қиындығына мойымаған қайсар жандарды көріп, өзіме үлкен күш-қуат жинап қайтамын. Болашақта бой көтеретін хоспис үйі полигон жарылыстарынан зардап шеккен жандардың жан күйзелісі мен ауруын аз да болса жеңілдетеді деп сенемін", – деді журналистерге берген сұхбатында қор жетекшісі Фиона Коркоран.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram