Астана әкімі дүйсенбі күні қалалық әкімдікте өткен кеңесте барлық лифт шаруашылығының тиісті мамандары мен қаржыландырудың бары-жоғын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Астана әкімі дүйсенбі күні қалалық әкімдікте өткен кеңесте барлық лифт шаруашылығының тиісті мамандары мен қаржыландырудың бары-жоғын тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Аталған шешім "Эдем палас-2" ТК лифтілерінің құлаған екі оқиғасынан кейін шығарылып отыр.
"Аудан әкімі мен тұрғын үй инспекциясының, басқарушы компанияның басшысы бірден оқиға болған жерге келуі тиіс еді. Мәселені көтеріп, шешім қабылдауы қажет еді. Кісі өлімі болса не болар еді? Бұған сіздердің ешқандай да қатыстарыңыз жоқ па?", - деп кейіді Әсет Исекешев тұрғын үй иннспекциясы басшылығына.
Осыған байланысты қала әкімі өзінің бірінші орынбасары Андрей Лукинге прокуратурамен бірлесіп елордадағы барлық лифттік компаниялардың жұмысын тексруді тапсырды.
"Прокуратурамен бірге барлық лифттік компаниялардың мамандарының, қаражатының бар-жоғын тексеріп шығу қажет. Бірінші кезекте адамдар туралы ойлау керек", - деді Исекешев.
Астана әкімі он күн ішінде лифттік компаниялардың жұмысына талдау жүргізуді тапсырды.
Еске сала кетейік, 13 сәуірде "Эдем палас-2" тұрғын үй кешенінде кішкентай баланы қосқанда барлығы жеті адам мінген лифт алтыншы қабаттан құлап түскен болатын. Құдай сақтап ешкім зардап шеккен жоқ: құтқарушылар алты ересек адам мен 8 жасар мектеп оқушысын төтенше уақиғадан тек бір сағат өткен соң ғана құтқарып алған.
21 сәуірде дәл сол тұрғын үй кешенінде үйдің бір тұрғыны мінген лифт 17 қабаттан құлады. Қосымша арқан ғана құрылғыны 8 қабатта тоқтатуға мүмкіндік берген.