"Жағдай 3 есе нашарлады" - Цой коронавирус жұқтыру туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жағдай 3 есе нашарлады" - Цой коронавирус жұқтыру туралы Фото: Тұрар Қазанғапов

2021 жылы сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылы сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық өңірінде өсіп жатыр. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанудың 61 пайызы үш өңірде тіркелген - Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облысы.

"Биыл сәуірде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол сырқаттанудың өсуімен қатар өлім жағдайы көбейгенін атап өтті. Мәселен, наурызда ақпанмен салыстырғанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті.

"Өлім жағдайларының 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі. Сәуірде бір тәулікте тест тапсыратындар саны 48 мыңға дейін артқаны байқалады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бүкіл ел бойынша қосымша шектеу шаралары қабылданды", - деп толықтырды Цой.

Министрдің айтуынша, 12 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 30 109 инфекциялық төсек бар, оның 41 пайызы бос емес. Резерв қор - 32 065 төсек.

"Инфекциялық төсектің көп бөлігі Алматы облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бос емес. Сонымен қатар, елорда мен Алматының әрқайсында 1200-ге жуық төсек-орын резерві бар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети