1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі әкімдіктерді сынға алды 12 сәуір 2021, 10:56

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Цой министрлік мамандары коронавирус жұқтырған науқастар саны көбеюіне байланысты аймақтарды аралағанын айтты.

"Сапар нәтижесінде бірқатар ескерту анықталды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде диспансерлік топтағы науқатстарды бақылау және емдеу жұмыстары жеткіліксіз екені анықталды. Сондай-ақ, коронавирустың алдын алу және диагностикалау шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі байқалады", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, өңірлерде инфекциялық стационар деңгейінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі бар. Министр әкімдіктерге қатысты жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына бірқатар ұсыныс берді.

Бұған дейін Цой жағдай бір айда үш есе нашарлағанын айтқан еді. Қазіргі уақытта "жасыл" аймақта Қазақстанның екі өңірі ғана тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!