"Жағдай күрделі бола түсті". Эпидемиолог алматылықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жағдай күрделі бола түсті". Эпидемиолог алматылықтарға үндеу жасады Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. Ол Алматының "сары" аймаққа жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"31 қаңтардан бастап Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында "жасыл" аймақта тұр. Бірақ қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының өршу қарқыны бойынша репродуктивті саны - R-0,949, яғни 1,0-ге жақын. Ол нормадан аса қала "сары" аймаққа өтеді. Осыған байланысты Алматыда бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 31 қаңтардағы №3 қаулысымен белгілеген матрицаның "сары" аймағына сәйкес келетін шектеу шаралары қолданылады", - деді Қалықова.

Сондай-ақ, Қалықова қоғамдық орындарда жұқтыру саны 5,1 пайызға - 38,6-дан 43,7 пайызға дейін көбейгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети