1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Санитар дәрігерлер Алматыдағы автобустар санының азаюына қатысты пікір білдірді 12 ақпан 2021, 17:13

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова пандемия кезінде автобустар санының азаюына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова пандемия кезінде автобустар санының азаюына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфекция жиі таралатын орындардың бірі - қоғамдық көлік. Ақпанның бірінші аптасында тіркелген деректердің 22 пайызы қоғамдық көліктермен байланысты. Жалпы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті автобустар санын да, олардың жұмыс уақытын да шектемейді. Бұл мәселе қала әкімдігінің Мобильділік басқармасының бақылауында", - деді Қалықова.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Қалықова қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлағанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жандарбек Бекшин Алматыдағы карантинді жеңілдету жағдайы туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram