09 ақпан 2018 12:14

"Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек" - Назарбаев Сағынтаевқа

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндамада премьер-министр еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктері жайлы әңгімеледі.

"Осы жылдары шамамен 130 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, миллион 200 мың отбасы тұрғын үймен қамтылды. 2017 жылы 11,3 миллион шаршы метр пайдалануға берілді", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр агроөнеркәсіптік және ауылшаруашылық саласындағы, цифрландыру мен экономика саласындағы жетістіктерге тоқталды.

"Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек", - деді Президент Сағынтаевтың 20 минуттық баяндамасына.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр.

Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

"Қазақстан соңғы 10 жылда сыртқы әсер мен әлемдік турбуленттiлiктің қысымында болды. Бұл еліміздің тез арада түбегейлі өзгеруі үшін ауыр кезең болды, дегенмен бұған еліміз сіздердің уақтылы қабылдаған шешімдеріңіздің арқасында жетті", - деді Сағынтаев Президентке.

Сондай-ақ, Сағынтаев еліміздің өткен жылдардағы жетістіктерін атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети