06 маусым 2016 18:32

Жақсыбеков Астана тұрғындарын дүрлігуге жол бермеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда әкімдігінің сайтында қала тұрғындарына арналған ескерту хабарламасы жарияланды.


Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорда әкімдігінің сайтында қала тұрғындарына арналған ескерту хабарламасы жарияланды.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сонымен қатар, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар. Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар. Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкім ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдауға кеңес берді. "Дүрлігуге жол бермеңіздер! Күмәнді заттарды тапқан жағдайда дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети