07 маусым 2023 14:40

Жақсылықов қазақстандық әскерилерді шетелге жіберу туралы ақпаратқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Ресейге бармайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Ресейге бармайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер министрден "Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бара ма" деген сұрақ қойды. Әлеуметтік желілерде осындай қауесет тарап жатыр.

"Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің аумағынан шықпағанын толық сеніммен айта аламын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар болған жоқ. Біз ешқайда бармаймыз", - деді Руслан Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети