22 шілде 2016 11:39

Жақып Асанов теракт жайында: Біз азаматтарымызды қорғау үшін не істеу керектігін білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау органдарының жұмысына азаматтардың сенімді бола алатыны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Бас прокурордың төрағалығымен өткен ведомстводағылардың кеңейтілген отырысында бірінші жарты жылдықтағы жұмыстың қорытындылары талқыланды.


ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау органдарының жұмысына азаматтардың сенімді бола алатыны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Бас прокурордың төрағалығымен өткен ведомстводағылардың кеңейтілген отырысында бірінші жарты жылдықтағы жұмыстың қорытындылары талқыланды.

Бас прокурордың айтуынша, әлемде жаһандық сынақтар болды. "Олардың ең қорқыныштысы - терроризм. Күш құрылымдары лаңкестерді анықтаумен айналысты. Осыған дейін олар лаңкестерден сырттай қорқатын еді. Енді қауіп ішкі жақтан келіп жатыр. Мемлекет басшысы полиция қызметкерлері мен арнайы қызметтегілердің лаңкестердің көзін жоюдағы ролін атап өтіп, тұрғындарды құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген көзқарастарын өзгертуге шақырды. Полиция қызметкерлері күні-түні күзетте тұрады. Алғашқы соққыларды да алатын сол қызметкерлер. Көп жағдайда олар өз ісіне берілген, адал адамдар мен өз өмірлерін қиюға дайын азаматтар", - деді Бас прокурор Алматыда болған терактіде қаза тапқандардың отбасына көңіл айта отырып.

Сонымен қатар, Жақып Асанов Қазақстанда соңғы бес жылда міндетін атқарып жүрген 144 полиция қызметкерінің қаза тапқанын айтты.

"Бүгінде әлем бойынша ең бірінші қауіптердің бірі - терактілер. Күш құрылымдары лаңкестерді анықтаумен мен оларды жоюмен айналысуға бағытталды. Бұл үшін заңдар да, қаражат та, қызметкерлер де бар", - деді Асанов.

"Елбасы тәртіпті ретке келтіру үшін қажетті шешімдерді қабылдауға тапсырыс берді. Біз бұл тапсырма бойынша жұмыс істейміз. Азаматтар бізге сенімді болсын. Біз азаматтарымызды, қоғамды және елімізді қорғау үшін не істеу керектігін білеміз", - деді Бас прокурор Жақып Асанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети