Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жалдамалы баспана 20 жыл мерзімге берілетін болады

27 Қараша 2014, 19:54
0
©magmens.com
©magmens.com

Жаңа бағдарлама бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана 20 жыл мерзіммен ұсынылатын болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы өз Жолдауында жалға берілетін әлеуметтік баспана салу мен тұрғын үй ұсынуда тұрғындарды қолайлы шарттармен қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл міндетті орындау үшін жалға берілетін тұрғын үй халыққа алғашқы жарнасыз және төменгі сыйақы мөлшерімен 20 жылға дейінгі мерзіммен ұсынылатын болады, бұл жалға алудың айсайынғы төлем мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - деді ол Алматыда Президент Жолдауын түсіндіре отырып.

Оның айтуынша, бұл бағытты іске асыру үшін 2020 жылға дейін 1,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады, оның ішінде, жалға берілетін үйлердің 60 пайызы агломерацияларда (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе) және 40 пайызы облыс орталықтарында, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде болады. "Алматы қаласының елдің анағұрлым дамыған экономикалық орталығы екені және елдің әр аймағынан өзіне еңбек мигранттарын көптеп тартатыны белгілі. Осы факторды ескере отырып, Алматы қаласының өзінде жалға берілетін баспананың қосымша 250 мың шаршы метрі салынатын болады", - деді министр. 

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлердің 50 пайызы жас отбасыларға, 20 пайызы - барлық санатқа, 30 пайызы жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға беріледі. Бұл механизмнің аясында жұмыс берушілерге тұңғыш рет үй құрылысын бірге қаржыландыруға және өз жұмысшыларына пәтер бөлуге мүмкіндік берілетінін атап өту керек. Бұл білікті кадрлардың жылыстауын азайтуға мүмкіндік береді", - деді Досаев.

Досаев сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлер механизмі бойынша да халыққа үй бөлудің сондай тәсілі қолданылатынын айтты. Оның айтуынша, жалға берілетін үйлер құрылысы үшін Ұлттық қордан 2020 жылға дейін 180 миллиард теңге бағытталады. Бұған қоса, жалға берілетін үй құрылысы бағдарламасының операторы - "Қазақстан Ипотека Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ-ға басқа көздерден қосымша қаражат тартылады. 

"2020 жылға дейін жалға берілетін баспанаға барлық қаржы көздерінен жалпы 250 миллиард теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде ел бойынша халықтың барлық санатын баспанамен қамту үшін 29 мың пәтер пайдалануға беріледі", - деді министр. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын сынға алып, оның "тым ауқатты адамдарға" арналғанын айтқан еді. Мемлекет басшысы жалға берілетін баспана салуға көзқарасты қайта қарап, пәтерлерді тікелей, делдалсыз, әрі мейлінше төменгі пайызбен беруді қарастыратын жаңа бағдарлама жасауды тапсырды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай