25 ақпан 2015 11:25

Жалдамалы баспананы үлестіруде кімдерге басымдық берілетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда 2015 жылы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық жалға берілетін пәтер тұрғызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz веб-порталына сілтеме жасап. ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен "Бәйтерек" холдингінің бағдарлама аясындағы әлеуметтік тұрғын үйді жалға беру және құрылысты қаржыландару шарттарын талқыланған отырысында оларды үлестіру кезінде кімдерге басымдық берілетіні туралы айтылды.

Ұлттық холдинг мәліметтеріне қарағанда, 5 жылдың ішінде жалпы ауданы 1 миллион 483 мың шаршы метр болатын жалға берілетін тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Ал 2015 жылы бағдарламаға сәйкес 9 740 пәтер немесе 487 мың шаршы метр көлемінде жалға берілетін тұрғын үй салынады. Жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйді бөлу барысында көп балалы, толық емес, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік орган қызметкерлеріне және әскери қызметкерлер мен оралмандарға басымдық беріледі.

"Бұл жерде тұрғын үйлердің 50 пайызы 3 жылдан кем емес некеде тұратын әрі баласы (нәрестесі) бар жергілікті басқару органдарында кезекте тұрғандар бойынша бөлінеді. Жұбайлардың жасы 35-ке толмаған болуы шарт. Сонымен қатар, бөлінген қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық үміткерлердің төлемақы төлеу қабілеті есепке алынатын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астана мен Алматыда ауданы 50 шаршыметрлік екі бөлмелі пәтерді жалға алу құны ай сайын 56 мың теңгеден, ал қалған өңірлерде 47 мың теңгеден аспайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети