12 қазан 2016 | 13:46

Жалған мәлімет органдарға сенімсіздік туғызады - Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша судья

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Ерасыл Әубәкіровтің ісінің жай-жапсарын жария ету дерегі бойынша жеке қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада 23 жастағы студенттің өлімі бойынша атышулы іске қатысты үкім шығарылды.  


Иконка комментария блок соц сети

Сот Ерасыл Әубәкіровтің ісінің жай-жапсарын жария ету дерегі бойынша жеке қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада 23 жастағы студенттің өлімі бойынша атышулы іске қатысты үкім шығарылды.  

Судья үкімді оқи отырып, сот ісі барысында жәбірленуші Мейірбаевтан түскен арыздың негізінде жеке қаулы шығарды.   

"Мейірбаев биыл 23 қыркүйекте abiyev.kz интернет порталында Әжімбайдың әкесі Ізмұханов қарастырылып жатқан қылмыстық істің материалдарынан мәліметтерді жариялап жіберді деп арыз жазды. Нақтырақ айтқанда, Ізмұханов оқиға орнынан файл жүктеген, бұл видеоны тергеу анықтап, видео іске біріктірілді және қоғамға жария етуге жатпауы тиіс еді", - деп оқыды жеке қаулыны судья Асхат Әшірбеков. 

"Сонымен қатар, сайтта Астана қаласының прокурорының хаты бар, бұл хат ҚР ІІМ тергеу департаментінің орынбасарына бағытталған, хатта прокуратураның сотқа дейінгі тергеу мерзімінің үш айға ұзартуға тыйым салынғаны айтылған. Бұл қаулыда қылмыстың толық фабуласы бар және онда істің мән-жайының дәлелдері бар. (...) Осылайша Ізмұхановтан сот жүйесіне тікелей үркіту мен қысым көрсету түсіп отыр", - деп атап өтті судья. 

Сонымен қатар, ол сот процесінің барысында сот талқылауының барысынан жария етпеу туралы бірнеше мәрте жасалған ескертуге қарамастан, Әжімбайды қорғаушы тараптың іс бойынша кейбір мәліметтерді жария еткенін айтты. 

"Әжімбайды қорғаушы тарап қылмыстық істің соттағы мәліметтері мен қарау барысын берген, оны Ізмұханов қолданған, бұл мәліметтер дәлелдерді бұрмалап, істі қарауды алқа билердің қатысуымен қарастыру мақсатында қоғамдық пікір мен шу туғызған. Осылайша сот жүйесіне кедергі келтіріп, әділ шешім шығаруға кедергі келтіреді. Осы жалған мәліметтер қоғамда құқық қорғау органдарына және жалпы сот жүйесіне сенімсіздік туғызады. (...) Осы негізде Мейірбаев осы дерек бойынша тексеріс жүргізу туралы қаулы шығаруды сұрап, оны ІІМ-нің тергеу органдарына жолдауды өтінген", - деп мәлімдеді судья. 

Судья Мейірбаевтың өтінішінің қанағаттандырылатынын айтты. "Сот кеңес бөлмесінде жеке қаулы шығарды, қаулыда мемлекеттік органдар мен құзырлы тұлғалардың, ұйымдардың және олардың басшыларын осы іс бойынша заңды бұзу әрекеттеріне және белгілі бір тұлғалардың бұрыс қылықтарына назарын аударады. (...) ҚР ІІМ мен Астана прокуратурасына лайықты шаралар қабылдауға азаматтардың жеке өміріне қатысты мәліметтерді қолдану және таратумен байланысты қылмыстық-процесстік заңның бұзылуын мәлімдейді. Нәтижесін сотқа бір ай мерзімінде хабарлау міндеттеледі, жеке қаулыға жеке шағым немесе Астана қалалық сотына қарсылық білдіруге болады", - деп шығарды қаулыны судья Асхат Әшірбеков. 

Айта кетейік, бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды. 

Ал бүгін осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды.

Ал үкім оқылғаннан кейін Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасының адвокаты сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі еместігінің дәлелі келтірілгенін мәлімдеді. 

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети