21 қараша 2022 13:25

Жалпыға бірдей декларация: қазақстандықтарға қанша қолма-қол ақша сақтауға рұқсат етілген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалпыға бірдей декларация шеңберінде 10 мың АЕК мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша банктік шоттарға орналастырылуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жалпыға бірдей декларация шеңберінде 10 мың АЕК мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша банктік шоттарға орналастырылуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі басталады. Алматыда 100 мыңнан аса мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары алғаш рет активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырады.

"Алғашқы декларацияда Қазақстаннан тысқары жерлердегі мүлік пен мүліктен басқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т.б.

10 мың АЕК мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Бүгінде бұл 30 миллион 630 мың теңге. Ал артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс", - деді ведомство өкілі.

Декларацияны eSalyq Azamat мобильді қосымшасы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ cabinet.salyk.kz салық төлеушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.

"Активтерді декларациялауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады", - деп атап өтті МКК-де.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети