10 сәуір 2020 20:49

Жамбыл облысы Сарысу ауданында әлеуеттің әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысынан шалғай жатқан Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы елді мекендер мен ел аузында "Жаңа Париж" атанып кеткен Жаңатас қаласының әлеуметтік ахуалы жақсарып келеді. Биыл қос бірдей ауылға ауыз су беріліп, 36 жыл бұрын пайдалануға берілген Саудакент ауылындағы аурухана жөндеуден өтпекші. Сондай-ақ, қаладағы 90 пәтерлі екі үй қалпына келтіріледі.


Жамбыл облысынан шалғай жатқан Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы елді мекендер мен ел аузында "Жаңа Париж" атанып кеткен Жаңатас қаласының әлеуметтік ахуалы жақсарып келеді. Биыл қос бірдей ауылға ауыз су беріліп, 36 жыл бұрын пайдалануға берілген Саудакент ауылындағы аурухана жөндеуден өтпекші. Сондай-ақ, қаладағы 90 пәтерлі екі үй қалпына келтіріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына "Сындарлы экономикалық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі" Жолдауында тиімді мемлекеттің негізі - мемлекет пен халық арасындағы сенімді қарым-қатынас.

"Халық үніне құлақ асатын Үкімет" тұжырымдамасы - халықтың үніне құлақ асып, әрекет ететін билікке деген сенімді орнату мен нығайтуға негізгі екпін жасалатын басты стратегиялық элемент екендігін айрықша айтқан болатын. Осы мақсатта Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстың барлық ауданын аралап шығып, түйткілді мәселелерді өз көзімен көріп, шешілуіне ықпал етуді көздеген. Облыс басшысының сондай іссапары кезінде Жамбыл облысының шалғай жатқан аудандарының бірі Сарысу ауданының тұрғындары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Олардың қатарында ауыз су, тұрғын үймен қамту, денсаулық сақтау нысандарының мәселесін шешу бар еді. Көтерілген мәселелер бүгінгі таңда қолға алынып, облыстың бас жоспарына енгізілді. Солардың бірі халық көп шоғырланған Саудакент ауруханасы.

Нысанның тозғанын көрген Бердібек Сапарбаев жаңарту жұмыстарына, жылу жүйесінің құрлысына қажетті қаржыны бөлу мәселесін қолға алып, аймақтың Даму жоспарына енгізілді.

Жамбыл облысының әкімі Сарысу ауданына іс сапары кезінде осындағы жұртпен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдаған болатын. Бүгінде мемлекеттің қарапайым халыққа жасап отырған жағдайы көп. Бірақ соның ішіндегі ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан кезінде толыққанды жұмыс істеп тұрғанда аудан жұртының денсаулығына араша болған Саудакент ауылдық ауруханасы 1987 жылы жылы пайдалануға берілгеннен кейін жөндеу көрмеген екен. Әкімнің ауданға сапарында осы аурухананың қазіргі отырған бөлігін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартуды өтінген едік. Халықтың үніне құлақ асқандығына ризамыз, -дейді ардагер Орынтай Дүйсенов.

Ал, 23 мыңнан астам халық қоныстанған Жаңатас қаласында 91 көпқабатты үй бар. Қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қалыпқа келтіруге жарайтын үйлерді жөндеу арқылы жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй болмаса да, қолдағы бар көпқабатты үйлердің алды мен аулаларды абаттандыру жұмыстары да қарқын алып келеді. Биыл 3 шағын аудандағы 6 үйдің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Абаттандыру жұмыстарының ішінде 2 үлкен кешен және 7 балалар ойнайтын алаңша, 14 дана жаттығу элементтері бар Street Workout алаңшасы салынады.

Бүгінгі таңда қалада, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде жалпы саны - 1586 адам тізімде тұр.

Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.

Биыл қалпына келтірілетін 2 шағын аудандағы 90 пәтерлік 24 және 26 үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Екі үй қалпына келтірілсе кезекте тұрған 180 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети