Жамбыл облысында 105 050 майдангердің есімі тасқа қашалып жазылады

09 Мамыр 2018, 23:22
0
Жамбыл облысында 105 050 майдангердің есімі тасқа қашалып жазылады - © kp.ru
© kp.ru
Жамбыл облысында 105 050 майдангердің есімі тасқа қашалып жазылады - © orenburg.ru
© orenburg.ru

Жамбыл облысы бойынша 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына шақырылған майдангерлердің есімдері 2018 жылы наурыз-сәуір айларында жинақталды. Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева Қабылбекқызымен сұхбаттасып, осы шараның қалай жүргізілгені жайлы білді. 

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысындағы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына шақырылған азаматтардың тізімі жинақталып, электронды нұсқасы дайындалды. Тізімді жасақтау облыстағы мемлекеттік архивтерде 2018 жылдың 1-наурызынан басталды. Мұндағы мәліметтер облыстық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен бөлімдерінен, ардагерлер кеңесінен, Жеңістің мерейлі даталарына орай шығарылған "Зерде", "Боздақтар" сынды жарияланымдар негізінде жинақталды. Сондай-ақ тізімді жасауға көпшілікті тарту мақсатымен биыл наурызы және сәуір айында қосымша хабарламалар облыстық және республикалық газеттірінде, Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне, БАҚ-та арнайы хабарлама берілу нәтижесінде мыңға жуық адам хабарласып, өз аталарының тізімде бар-жоғын анықтап, тізімге қосу туралы өтініштерін қалдырды", - дейді Сара Қабылбекқызы.

Дайындалған тізім облыстық газеттер мен облыстық архивтің ресми сайттарында, әлеуметтік желілерінде жарияланып, облыстық 22 басқармаға одан бөлек мемлекеттік 89 мекеменің жеке поштасына да жолданды.

Облыс архившілерінің уақытпен санаспай атқарған еңбегінің нәтижесінде үстіміздегі жылдың 24-сәуірінде 105 050 майдангердің есімі нақтыланып, тасқа қашауға жіберілді. Тізім жіберілгеннен кейін де архивтерде жеке өтініштер қабылдануда. 25-27-сәуір аралығында өтініш бойынша 136 майдангердің есімі қашауға қосымша жолданды.

Тізімде Жамбыл облысынан соғысқа аттанып, Совет Одағының Батыры атанған - 20 ардагер (әскери қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Сухамбаев, Ибрагим Сүлейменов, Николай Белашов, Сәду Шәкіров, Әлия Молдағұлова, Игорь Москаленко, Владимир Савва, Яков Тюлькин, Семен Ларионов, Степан Сущев, Михаил Фаязов, Андрей Сорокин, Петр Томасевич, Илья Шкловский, Федор Копдань, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский), "Даңқ" орденінің 7 кавалері бар. Сондай-ақ түрлі себептермен соғыстан кейін Жамбыл облысына өзі немесе, отбасы келген 19 Совет Одағының Батыры, 2 "Даңқ" орденінің кавалері де тізімге енді. Толық тізімді мына жерден көре аласыз.

Бұған дейін Қорғаныс істері департаментінің берген мәліметінде Облыстан барлығы 68 700 адам майданға шақырылғаны, оның 32 440-ы майданда қаза тауып, 36260 адам елге оралғаны айтылған. Тізімді жасау барысында көптеген айырмашылықтар анықталды. Мысалы, Шу ауданының қорғаныс бөлімі 1958 жылы өртеніп, кейбір құжаттар жойылған. Тараз қалалық әскери комиссариатының құжаттары су астында астында қалып бүлінген. Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 1943 жылға дейін әскери комиссариаттың бір болуы да айырмашылықтың орын алуына жол берген. Осындай жағдай Сарысу мен Талас ауданында да бар. Құжаттар түрлі себептермен көнеріп, тіпті жазулары өшіп кеткен. Осы сияқты түрлі кедергілермен кездескен облыстың архивистері уақытпен санаспай, аянбай еңбек етті. Соның нәтижесінде өшкен жанып, ұмыт бола бастағандар жаңғыртылды.


"Архив қызметкерлері майдангерлердің тізімін жасау кезінде көңіл толқытар оқиғаға да куә болды. Осы күнге дейін аталары, әкелері туралы нақты дерек білмей жүрген олардың ұрпақтары тізімнен атасы немесе әкесін көріп көздеріне жас алды. Олар сауапты іс бастағандарға ақ алғысын жаудырып, ризашылығы шексіз екенін айтумен болды. Тіпті, облыстық архивте орналасқан тізімді анықтау, толықтыру штабы - кездесу, жүздесу орнына айналды. Тізімнен әкелерін іздеп келген қариялар ұзақ жылдар бойы кездеспеген жерлестерін, ауылдастарын архивтен тауып, жүздесіп жатты. Қазақтың ерекше тәрбиесінің бір сипаты да осы тізімді нақтылауда көрінді. Келіндер өз жұртынан бұрын қайын жұрттағы аталарының есімін тізімнен нақтылап жатқан жағдайларға куә болдық. Үлкен апаларымыз аталарының есімін атай алмай, тізімнен көріп бір жағы қуаныштан, бір жағы қайын атасының, ағасының есімін атап қойғанына ыңғайсызданып көздеріне жас алған сәттер де болды", - дейді Сара Мадиева. 


Суреттер облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан

Еске салайық, Қазақстан Республикасы ІІМ "Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервисті ашты.

Ішкі істер министрлігінің ведомстволық порталында Ұлы Жеңіс күні қарсаңында "Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен бұрынғы әскери тұтқындар және Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы ақпарат орналастырылған. 

Сонымен қатар, Tengrinews.kz сайтында "Победители" жобасы 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді, онда 1700-дан аса анкета жиналған. Әр бір Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагердің ұрпағы өз атасының есімін мәңгіге есте қалдырып, соғыс кезіндегі бастан өткізген оқиғаларын баяндай алады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай