07 желтоқсан 2021 15:59

Жамбыл облысында 11 білім беру нысаны пайдалануға берілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Жамбыл облысы халқының үштен бірі бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысады. Өңірде 43 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Тағы осындай 11 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы халқының үштен бірі бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысады. Өңірде 43 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Тағы осындай 11 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы өңірде спорт, білім және денсаулық сақтау салалары бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Тиісті шаралардың дер кезінде жүргізілуінің нәтижесінде өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары 98 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджеттен медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 3,1 миллиард теңге бөлінген. 2 МРТ аппараты, 3 КТ, 2 эндобейне-хирургиялық кешен, 3 УДЗ аппараты, қарқынды терапияға арналған 2 көліктік инкубатор, жаңа туған нәрестелерге арналған 10 ашық реанимациялық жүйе, 40 функционалдық кереует сатып алынды.

Ағымдағы жылы облыста 23 білім беру нысанының құрылысына 11,1 миллиард теңге бөлінген (19 мектеп, 4 қосымша құрылыс). Бүгінгі таңда 11 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 2 апатты, 1 үш ауысымды және 3 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілуде. 16 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ, 12 жекеменшік мектеп ашылған.

Облыста 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз, 1-6 жастағы балалардың 91,5 пайыз қамтылған.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 46938 балаға көмек көрсету үшін жаппай оқыту қорынан 3,6 миллиард теңге бөлінді.

Өңірдегі барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау камералары орнатылған.

"Бүгінгі таңда облыстағы 99 мектептің бейнебақылау камералары Жамбыл облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. 147 мектепте "Дабыл түймесі" орнатылған, 109 мектеп "мамандандырылған күзет" қызметімен қамтылған", - деді өңір басшысы.

"Жас маман" жобасы бойынша колледждерде 12 құзіреттілік орталығы ашылды. 15 әлеуметтік павильонда студенттер дайындаған аспаздық жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер сатылып жатыр.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети