Жамбыл облысында бір аптада үш жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бір аптада үш жер сілкінісі болды almaty.tv

Жамбыл облысында бір апта ішінде үш жер сілкінісі болды. Ең қуаттысының магнитудасы 4,5-ті құрады, бұл шамамен 2-ден 4 балға дейінгі тербеліс ретінде сезіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.


Осыған байланысты мамандар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйін бағалады. "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері 14 көлік айрығын, 8 теміржол өткелін, 100-ге жуық көпірді және 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша айтарлықтай зақымданулар мен қауіпті ақаулар анықталған жоқ. Республикалық тасжолдарда көлік қозғалысы штаттық режимде жалғасып жатыр.

"Егер жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болса, мамандар ең алдымен олардың сипатын анықтап, апаттық қауіп төндіретін-төндірмейтінін тексереді. Егер зақым қауіпті деп танылса, бұл туралы тиісті қызметтер алдын ала хабардар етіледі.

Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті профилактикалық шаралар қабылданады. Болған үш жер сілкінісінен кейін қауіпті жарықтар, зақымданулар немесе басқа да ақаулар табылған жоқ", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ облыстық филиалының бөлім бастығы Біржан Әшіров.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +33
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +33
П
Павлодар +26
Петропавл +33
С
Семей +36
Т
Талдықорған +38
Тараз +42
Түркістан +28
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +34

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер