09 қазан 2020 12:13

Жамбыл облысында көнерген дәстүрлерді жаңғырту ісі қолға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "Дәстүрді дәріптейік" акциясы аясында тағы төрт жоба өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында "Дәстүрді дәріптейік" акциясы аясында тағы төрт жоба өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы бүгінге дейін 13 арнайы жоба бойынша іске асырылған. Енді биыл арнайы тағы төрт жаңа жоба қосылған - "Үнем қоғам қуаты", "Дәстүр және ғұрып", "Еңбек - елдің мұраты" және "Құқықтық мәдениет". 

Жоба авторларының айтуынша, "Үнем қоғам қуаты" аясында ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу көзделген. 

"Дәстүр және ғұрып" жобасының мақсаты - көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу", - дейді ұйымдастырушылар. 

Сондай-ақ, "Еңбек - елдің мұраты" жобасы аясында қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын насихаттау қарастырылған, дейді олар.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, "Құқықтық мәдениет" жобасының мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру екен.

"Дәстүрді дәріптейік!" іс-шарасы "Дәстүр және ғұрып" жобасы аясында іске асырылды. Мақсаты - жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, тұрғындар арасында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғырту. Көрнекі ақпарат құралдарының мазмұны: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ұлттық тағам-түрлері, салт-дәстүрлер сияқты 4 тақырыпты қамтиды. Яғни, 1 автобусқа 4 постер ілінді. Айта кетерлігі, постерлардың мазмұны келесі автобустарда қайталанбайды. Сондай-ақ, Бүгінде Тараз қаласында 42 бағытта 200-ден аса қоғамдық көлік қатынайды. Постерлер Тараз қаласындағы және Жамбыл облысының 10 ауданындағы қоғамдық көліктердің барлығына ілінеді", - дейді жоба авторлары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети