Жамбыл облысында “Қызғалдақ мұра“ халықаралық фестивалі өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қызғалдақ мұра" фестивалі: Жамбылдық 100 қолөнерші киіз басып, Қазақстанның рекордтар кітабына енеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қызғалдақ мұра" фестивалі: Жамбылдық 100 қолөнерші киіз басып, Қазақстанның рекордтар кітабына енеді.

Жер жаһанға Грейг қызғалдағының "отаны" ретінде танылған Жамбыл облысы көктемде қызыл кілемге оранғандай құлпырады. Сәуір-мамыр айларында өңірдің жазиралы даласы алқызыл, сары, қызғылт түсті қызғалдақтармен көмкеріліп, табиғаттың ғажайып көрінісін сыйлайды.

Осы ерекшелікті ескере отырып, 2025 жылдың 2-3 мамыр күндері Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Талас ауданы, Есейхан ауылы, Қаратау тауының бөктерінде "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев фестиваль аясында өтетін іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Фестивальдің мақсаты – Жамбыл облысының туристік әлеуетін арттыру, қызғалдақтардың табиғи өсу ортасын сақтау және мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Халықаралық деңгейдегі шараға Германия, Украина, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Иран және Голландиядан келген шетелдік қонақтар қатысады деп күтілуде.

Екі күндік фестиваль аясында ғылыми конференция, флористерге арналған шеберлік сыныптары, ұлттық спорт ойындары, сән көрсетілімі, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді.

Конференцияда әлемнің белгілі ғалымдары, сарапшылар, ботаника, экология, жаратылыстану ғылымдарының мамандары, шетелдік және отандық зерттеушілер қызғалдақтарды бірегей мұра ретінде сақтау және оларды қорғау мәселелерін жан-жақты талқылайды. Конференция қонақтары үшін тарихи-мәдени нысандарға экскурсия ұйымдастырылады.

Нидерланды, Қырғыз Республикасының және өңірдің жетекші флористері қатысушыларға гүл шоғын жасау өнерінің қыр-сырын үйретіп, тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен бірге флористер достастық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Бұл бастама елдер арасындағы гүл өсіру мәдениеті мен шығармашылықтың берік негізін қаламақ.

Табиғат аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Атап айтқанда, аударыспақ, қазақ күресі, қошқар көтеру, қол күресі, дәстүрлі садақ ату, арқан тарту, асық ату, тазы иттер жарысы бойынша жеңімпаздар белгілі болады.

Сән көрсетілімі "Қызғалдақ сәні" тақырыбына арналады. Жергілікті 14 дизайнер заманауи және ұлттық нақыштағы сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынады.

Сондай-ақ "Қымызмұрындық" рәсімі аясында "үздік бие сауушы" анықталады. "Қазық қағу", "Бие байлау" дәстүрлері дәріптеліп, "Қымыз ашыту" бойынша шеберлік сағаты өтеді.

100 қолөнершінің қатысуымен 20х10 метрлік қызғалдақ бейнесі салынған киіз басылып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енгізілмек.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін тамақ пен сусын сатылатын фудкорт ұйымдастырылады.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer