Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 14 су қойманың құрылысы жүзеге асады 25 мамыр 2023, 14:00

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың төрт айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7 пайызға артты. Жалпы,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың төрт айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7 пайызға артты. Жалпы, өткен жылдың қорытындысымен осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 151,9 мың адам, яғни 22,6 пайызға ұлғайған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

Аймақ басшысының айтуынша, "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" аясында 198 жобаға 10,7 млрд. теңге несие берілген. Сонымен қатар, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 70,7 млрд. теңгеге 190 жоба қаржыландырылды.

Облыс әкімі өз сөзінде асыраушы сала – ауыл шаруашылығын қолдауға ағымдағы жылы 27,4 млрд. теңге қаржы бөлініп отырғанын да атап өтті. Аталған салада ағымдағы жылы салада 11 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Сондай-ақ, биыл облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 770,4 мың гектарға жетуде. Жыл қорытындысымен саладағы өнім көлемін 10, ал, техникамен жаңару деңгейін 12 пайызға арттыру міндеті тұр.

"Жалпы 2025 жылға дейін 181,2 млрд. теңгеге 1964 жұмыс орны құрылатын 23 инвестициялық жобаны іске асыруды межелеп отырмыз.

Өңірде қант өндірісін дамытуға да аса мән берілуде. Мысалы, қант қызылшасы алқабының көлемін өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға ұлғайтып, 10 мың гектарға жеткізіп отырмыз. Бұл да өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз",-деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста суармалы егіс алқабын ұлғайту үшін ауқымды шаралар қолға алынған. Ол үшін арнайы Жол картасы бекітілді. Карта аясында 2025 жылға дейін 124 мың гектар алқапты қалпына келтіру көзделуде.

Халықаралық қаржы институттары арқылы 40 млрд.теңге қаржы бөлініп, 33,9 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Осы орайдағы жұмыстар жалғасуда.

"Сонымен қатар, 257 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 54,9 мың гектар алқапты айналымға қосуды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен

11, республикалық бюджет есебінен 3 су қоймасының құрылысы жүргізілетін болады",-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, облыста ауылшаруашылығы мақсатындағы су тапшылығын жоюдың бірден бір тетігі ретінде жерасты суы қорын пайдалану жұмыстары қолға алынған. Бұл бағытта 646 ұңғыма қазу жоспарланып, бүгінгі таңда оның 86-сы қазылған.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған

Join Telegram