08 қаңтар 2022 20:06

Жамбыл облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды

Фото: "Хабар 24" Фото: "Хабар 24"

Жамбыл облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің сөзінше, 6 қаңтарда өңірде коменданттық сағат жарияланған. Кешкі сағат 19.00 мен таңғы 07.00 аралығында үйден шығуға қатаң тыйым салынады. 

"Осы уақыт аралығында көшеде жүргендердің бәрі ешқандай ескертусіз ұсталады", - деді Сапарбаев. 

Сапарбаев екі күн бойы арандатушыларға ешқандай күш қолданылмағанын атап өтті.  

"Олар біздің ортақ мүлкімізді, облыс әкімдігінің, Nur Otan, облыстық полиция департаменті ғимаратын өртеді. Енді арандатушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылады. Тәртіп бұзушыларға қатысты күш заң аясында қолданылады. Облысымызда террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды, арнайы әскери операциялар жүргізіліп жатыр", - деді облыс басшысы.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети