Жамбыл облысында ветеринарларға қызметтік автокөліктердің кілті табысталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байзақ ауданы Қосақ ауылында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және республиканың басқа өңірлерінен келген ветеринарлар қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Байзақ ауданы Қосақ ауылында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және республиканың басқа өңірлерінен келген ветеринарлар қатысты.

2025 жылы ветеринария саласын дамытуға 4,6 млрд теңге (2024 жылы – 4,2 млрд. теңге) бөлінді.

Салада 1 055 маман еңбек етеді десек, соңғы екі жылда жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсті. Кейінгі 3 жылда 17 биотермиялық шұңқыр салынып, үшеуі жөндеуден өтті.

Ветеринарлар 160 дана термосөмкемен қамтамасыз етілді. Енді маусымдық қызметтік киім сатып алу көзделіп отыр.

Биыл бірыңғай жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның 20-сы демеушілер есебінен салынуда.

Жалпы, тозығы жеткен пункт ғимараттарының мәселесі 2025-2026 жылдары аралығында толық шешімін таппақ.

"Медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді" деген нақыл сөз ешқашан өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысы малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, оның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Себебі мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері мен оның экспорттық әлеуеті ветеринария саласына тікелей байланысты.

Жаңа қызметтік автокөліктер – сапалы қызмет көрсетудің негізі мен кепілі", – деген Ербол Қарашөкеев эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сала мамандарына алғыс білдірді.

Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин құттықтау сөз сөйледі.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірқатар азамат өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін "Құрмет" ордені, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" және "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды.

Tengrinews
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer