05 наурыз 2021 | 14:30

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасынан кейін әкім қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Жақсылықов Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бақытжан Жақсылықов Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент әкімшілігі келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, бес бала қаза тапты. Өрт шыққан кезде балалардың әкесі жергілікті ауруханада жұмыста, ал анасы дүкенде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындаған. Балалардың қаза болу дергі бойынша қылмыстық іс қозғалып, "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бес бала Талас ауданы Үшарал ауылында жерленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети