30 қараша 2022 12:30

Жамбылда кәсіпкер қоқыс қағазынан пайда тауып отыр  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікке кең өріс қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданының даму жоспарында көрсетілген жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – қайта өңдеу цехы. Кәдімгі қоқыс қағаздарын да кәдеге жаратуға болатынын еңбектік кәсіпкер Дәулет Әсілтаев дәлелдеп отыр. Мектеп бітіріп, Қытай мемлекетінде білімін жетілдірген ол сондағы қайта өңдеу технологиясының қыр-сырын жетік меңгеріп, туған өлкесіне тың идеямен оралды. Бүгінде "Упакжум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәулет Үсенұлы "Аса-Тараз" бағытындағы жолдың бойында өңдеу цехын іске қосты. Құрылыс жұмыстарына шамамен 80 млн теңге қаражатын жұмсаған. Қалдық қағазды шикізатқа айналдырған шаруаның тірлігін кеше аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып көріп, цехтың жұмысымен танысты.

Серіктестік директорының жауапты өкілі Мейірбек Құрманбектің айтуынша, мұндағы технологиялар мен құрылғылар дерлік қолдан құрастырылған.

– Қытай, Тайланд мемлекеттерінде қайта өңдеу технологиясы дамыған. Шетелдердегі тиімді тәсілді жүзеге асырып, ауыл маңынан қайта өңдеу цехын аштық. Жергілікті 8 азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Цехтың жұмысы туралы айтар болсам, кез келген қоқыс қағаздары, картон бұйымдары арнайы сүзгіден өткізіліп, бассейндерде жұмсартылады. Бассейнде тазаланып, көбік күйге дейін әзірленеді. Мұнан соң арнайы құрылғылар арқылы қалыпқа түсіріліп, одан жұмыртқа орналастырғыш лотоктар әзірленеді. Ұзындығы 80 метрге жететін рельстік технологиямен 200 градустағы пеш арқылы лотоктар кептіріледі. Дайын өнім қоймадағы екі жұмысшының қолына тиген соң әр бумаға 100 лоток қапталады. Жұмыс 24 сағат бойы жалғасады. Мысалға мына пештің іске қосылғанына бірнеше ай болды. Күніне аудан, қала төңірегінен шикізаттар осында жеткізіледі. Қағаздың әр келісін 70 теңгеден қабылдаймыз. Тәулігіне 3 тонна қағазды кәдеге жаратып, 40 мың дана лоток шығарып отырамыз. Бүгінде шикізатты Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Талдықорған, Петропавл қалаларына жөнелтудеміз. Әр өнімнің бағасы 17 теңгеден саудаланады. Жұмысшылар жалақысы күндігіне 7-10 мың теңге аралығында. Алда цехтың жұмысын кеңейту жоспарымызда бар, – дейді Мейірбек Әсілтайұлы бізбен әңгімесінде.

Жобаның жемісін көрген серіктестік жұмысына сәттілік тілеген өңір басшысы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети