11 қыркүйек 2021 16:23

Жамбылдағы жарылыс: зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өртсөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы академик Нұрлан Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.

Қайтыс болған өртсөндіруші Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттады. Ал Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети