Жаңа агенттікке ақша қайдан бөлінетіні белгілі болды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа агенттікке ақша қайдан бөлінетіні белгілі болды Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру мәселесін бақылауға алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру мәселесін бақылауға алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі функцияларды қайта бөлу яғни Ұлттық экономика министрлігінің жекелеген функцияларды осы агенттікке беру есебінен құрылады. Бұл стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша функциялар, мемлекеттік басқару бойынша жекелеген мәселелер және мемлекеттік статистиканы дамыту мәселелері", - деді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Қазақстанда бірнеше салық пен төлем біріктірілуі мүмкін

Әлихан Смайылов жаңа құрылатын агенттіктің қызметін қаржыландыру шығыстарды қайта бөлу есебінен жүргізілетінін айтты.

"Бөлу балансы жасалады. Ол осы жылдың бюджетін нақтылау және Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобалары аясында келесі 3 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескеріледі", - деді министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жаңа Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құруды тапсырған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети