04 қыркүйек 2020 12:07

Қазақстанда бірнеше салық пен төлем біріктірілуі мүмкін

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов елімізде бірнеше салық пен төлем біріктірілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов елімізде бірнеше салық пен төлем біріктірілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа ұсыныстар жеке қарастырылады. Мысалы, еңбек қорынан алынатын салықтар мен шегерімдерді бір төлемге қалай біріктіру керегін қарастыру керек. Бұл шағын және орта бизнес үшін төлемді айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ, түрлі төлемдер мен алымдарды оңтайландыруға болады", - деді ол үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов үкімет осыған дейін бірнеше салықты біріктіру бойынша ұсыныстар дайындағанын жеткізді.

"Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардан алынатын жер салығын бір төлемге біріктіру ұсынылады. Бұл түбіртектерді, банк комиссияларын және тағы басқа шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отыр. Бұл салық төлеу кезінде қате жібермеуге мүмкіндік береді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, бұл өзгеріс шамамен 3 миллионан аса салық төлеушіге әсер етеді.

"Жаңа өзгерістер 2021 жылдан бастап енгізілуі мүмкін. Тағы басқа мәселелер бойынша өзгерістер 2022 жылдан бастап енгізілуі ықтимал", - деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және салықтар мен төлемдердің санын азайту үшін Салық кодексіне тексеріс жүргізуді тапсырған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети