Жаңа әліпби нұсқасын құрастырғандар: Ұнады не ұнамады дейтіндей бұл көлік емес

12 Қыркүйек 2017, 13:36
1
Жаңа әліпби нұсқасын құрастырғандар: Ұнады не ұнамады дейтіндей бұл көлік емес -

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов жаңа қазақ әліпбиінің жобасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жобаның осы нұсқасын негіз ретінде таңдап отырмыз. Бұл нұсқа қазақ тілінің дыбыс үндестігінің гаммасын толықтай көрсетіп отыр. Бұл нұсқада қазақша барлық дыбыс жиналған. Бірде-бір дыбыс, жарты дыбыстың өзі бұл нұсқадан тыс қалмады", - деді Тілешов. 

Сондай-ақ, ол жаңа әліпби нұсқасын қоғам мақұлдамаса құрастырушылардың қадамы қандай болатынын айтып өтті. 

"Жаңа әліпби ұнады не ұнамады деуге бола ма? Бұл пәтер немесе көлік емес. Кейбір сөздер, кейбір дыбыстарға қатысты мәселе туатын шығар. Бұл жағдайда біздің әріптестер нақтырақ, тереңірек көрсетіп береді, кейбір дыбыстар мен әріптерге қайта ораламыз. Жалпы алғанда әліпбидің осы нұсқасын таңдап отырмыз", - деді Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында. 

Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай