03 ақпан 2022 | 14:26

Жаңа энергетика министрі Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде "жасыл" саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр және т.б. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес", - деді ведомство басшысы ОҚК онлайн брифингінде.

Сонымен қатар, министр генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін айтты.

"Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе өте нәзік, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ", - деп қосты Болат Ақшолақов.

Болат Ақшолақов 11 қаңтарда Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы Атом электр станциясын салу үшін ең қолайлы деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети