06 қаңтар 2015 12:44

Жаңа жыл күндері 30 адам жол-көлік оқиғаларынан қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©360tv.ru ©360tv.ru

Мереке күндері Қазақстанның көлік жолдарында 30 адам қаза болды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарлады. 


Мереке күндері Қазақстанның көлік жолдарында 30 адам қаза болды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарлады. 

1-4 қаңтар күндері республикада 137 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл оқиғалардың салдарынан 30 адам қаза тауып, 204 адам жарақат алды. Әкімшілік полиция комитеті биылғы мерекенің өткен жылғымен салыстырғанда тыныш өткенін хабарлады. Өткен жылы Жаңа жыл мерекесі тойланған төрт күн ішінде 148 жол-көлік оқиғасы болған. Былтыр жол апаттары салдарынан 181 адам түрлі деңгейде жарақат алды. 

Бұл төрт күнде жол-көлік оқиғалары Алматыда көп тіркелді - 55 жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза болып, 69 адам жарақат алды. Ал жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың саны Алматы облысында көп болып шықты. 4 күн ішінде 12 адам көлік жолдарында қаза болды. Мереке күндері бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген өңірлер де бар. Мысалы, Атырау облысы. Қостанай облысында бір, Ақмола облысында екі, Астана қаласында үш оқиға тіркелді. 

Осы төрт күн ішінде республика бойынша жол қозғалысы ережесін бұзудың 5000-нан астам дерегі тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда мың дерекке көп. 4 күн ішінде көлікті мас күйде жүргізген 103 адам ұсталды, жылдамдықты асырғаны үшін көзге түскендердің саны - 526, қарама-қарсы бағытпен жүргені үшін 13 жүргізуші ұсталды. Сонымен бірге, жол ережесін 339 жаяу адамның бұзғаны анықталды, ал 1200-ден астам жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети