30 желтоқсан 2016 13:16

Жаңа жыл түні ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жаңа жыл түні ауа температурасы әдеттегіден 4-10 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.


Жаңа жыл түні ауа температурасы әдеттегіден 4-10 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, жаңа жыл түні және мереке күндері қатты аяз күтілмейді. Атмосфералық фронттардың әсерінен елімдегі облыстардың басым бөлігінде қар аралас жел, батыстың қатты желі (секундына 15-25 метр), еліміздің оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ пен тұман күтіледі.

2016 жылдың 31 желтоқсаны мен 2017 жылдың 4 қаңтарындағы ауа температурасы:

Еліміздің батыс бөлігінде түнде 1-10 градусқа дейін суық, ал күндізгі уақытта ауа температурасы 5 градус суықтан 5 градус жылуға дейін көтеріледі;

Солтүстік-батыс пен солтүстік аумақтарда түнгі уақытта 5-15 градус суық, ал күндіз 2-10 градус суық болады;

Еліміздің орталығында түнде 7-12 градус суық, кейбір жерлерде 18-23 градус суық болса, күндізгі уақытта 2-12 градус суық болады;

Шығыс аумақтарда түнгі уақытта ауа температурасы 8-18 градустан 2-15 градус аязға дейін жоғарылайды, ал күндіз 3-15 градустан 0-5 градусқа дейін төмендейді;

Республиканың оңтүстігінде 5-10 градус, кейбір жерлерде ауа температурасы күндізгі уақытта 5-10 градус жылыдан 5 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-шығыста түнде 2-13 градус суық, ал күндіз 0-5 градус жылы болады. 

Алматыда: 31 желтоқсан - 1 қаңтарда жауын шашынсыз, 2 қаңтарда кейбір жерлерде жауын шашын болуы мүмкін. 3 қаңтарда және 4 қаңтарға қараған түні қар мен тұман күтіледі. Кешкі уақытта жылдамдығы секундына 0-5 метр болатын жел болады. Түнгі уақытта - ауа температурасы 2-7 градус суық, күндіз - 0-5 градус жылы, ал 4 қаңтарда 0-5 градус суық күтіледі.

Астанада: 31 желтоқсан - 4 қаңтар бұллты ауа райы, кейбір жерлерде қар мен боран күтіледі. Оңтүстік батыс желі соғуы мүмкін (cекундына 15-20 метр).

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада және Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети