Жаңа жылда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазгидромет мамандары Астана мен Алматыда мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет мамандары Астана мен Алматыда мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 желтоқсан

Қазгидромет редакцияның сауалына берген жауабында 31 желтоқсанда Алматыда бұлтты ауа райы, кейде жауын-шашын (жаңбыр аралас қар) күтілетінін мәлімдеді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы, кейде аздаған қар, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде ауа температурасы 11-13 градус аяз, күндіз 6-8 градус суық болады.

"Бірақ, жауын-шашын айтарлықтай болмайды, жаңбыр аралас қар қалыпты қарға ауысады," - деп хабарлады Қазгидрометтің алматылық филиалы.

1 қаңтар

Алматыда ауыспалы бұлтты ауа райы, түнде қар жауады. Күндіз жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Астанада бұлтты ауа райы, күндіз қар жауады және боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз, күндіз 4-6 градус суық болады.

2 қаңтар

Алматыда бұлтты ауа райы және қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде температура 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.

Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы, кейде қар жауып, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 4-6 градус суық, күндіз 2-4 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети