1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жаңа қаулы: елордада оқушылар қалай оқитыны айтылды 29 наурыз 2021, 18:04

Нұр-Сұлтанда 9, 11, 12 сыныптарды қоспағанда оқушылар мен студенттер төртінші тоқсанда қашықтан оқытуға ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 9, 11, 12 сыныптарды қоспағанда оқушылар мен студенттер төртінші тоқсанда қашықтан оқытуға ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-ана өтініші бойынша, талаптарды сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан білім беру нысандарында 2021 жылдың IV тоқсанында қашықтан оқыту ұйымдастырылсын. Аралас форматта оқытуға рұқсат етілетін бітіруші сынып (9, 11,12) оқушыларын қоспағанда, штаттық режимде пәндердің 70 пайызы, қашықтан оқыту форматында 30 пайызы, кабинеттерде 15 оқушыдан аспайтын негізде өткізілсін", - делінген қаулыда.

Коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген кезде білім беру нысаны карантинге жабылады. Сондай-ақ, қаулыда барлық курс студенттері үшін ЖОО мен колледждердің жұмысын қашықтан қамтамасыз етуді ұйымдастыру керегі айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram