Жаңа облыстарды құру туралы Жарлық жобасы Президентке жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа облыстарды құру туралы Жарлық жобасы Президентке жетті Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлер тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлер шекарасы айқындалды. Үкімет қаулысы бойынша Президенттің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді", - делінген Үкімет хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылған.

"Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда жаңа облыстар қалай құрылатынын хабарлаған болатын.

Жаңа облыстарға бюджет қалай бөлінеді? Министр жауабы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети