11 тамыз 2021 | 16:21

Жаңа оқу жылында оқушылар аптасына неше күн оқитыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде бес күндік оқу аптасы сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде бес күндік оқу аптасы сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да өткен тікелей эфирде журналистің сұрақтарына жауап берген министр, бес күндік оқу жүйесінің алты күнге ауысуына ешқандай негіз жоқ екенін түсіндірді.

"Мектептердегі бес күндік оқу жүйесі құпталады. Бізге бес күндік оқу аптасы қажет.

Бірақ биылғы оқу жылы пандемияға байланысты арақашықтықты сақтау секілді санитарлық талаптарға сай өтеді. Егер кейбір мектептерде бес күндік оқу аптасы тиімсіз болса, мектептер өздері шешім шығарып, кейбір сынып сабақтары алтыншы күнге ауыстырылса болады", - деді министр.

Ол дәл осындай тәжірибе былтыр қолданылғанын айтты.

"Біз жыл сайын бес күндік оқу аптасында оқитын мектептер санын көбейтеміз. Бірақ алты күн оқитын да мектептер бар, өйткені олар бес күндік жүйеге оқу процесін ұйымдастыра алмады", - деді министр.

Дегенмен, Аймағамбетов бес күндік оқу аптасы балаға да, педагогтерге де қолайлы екенін айтты.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы жаңа оқу жылына арналған санитарлық ережелерді жариялағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети