02 ақпан 2023 14:12

Жаңа "Сергек-Патруль": Алматыда қанша заңбұзушылық анықталғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадрлары

Алматыда жаңа "Сергек-Патруль" жүйесі 50-ден аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда жаңа "Сергек-Патруль" жүйесі 50-ден аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сергек-Патруль" кешенінің көмегімен қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзу жағдайлары анықталған.

"Бұл – техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ, ұрланған немесе қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген, жалған нөмір таққан көлік, сондай-ақ айыппұлдары төленбеген жүргізушілер. Сонымен қатар, жүйе қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы заңбұзушылықтарды тіркеп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін деректерді автоматты түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді", - делінген хабарламада.

Полицияда автоматтандырылған бағдарламалық кешен "Қорғау" мобильді қосымшасымен біріктірілгенін айтты. Ол өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты: құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда патрульдік полиция көліктеріндегі жаңа "Сергек" камералары видеоға түсірілгені хабарланған еді. Алматы ПД мәліметінше, қазір қалада "Сергек" орнатылған осындай сегіз патрульдік көлік бар. Алайда уақыт өте келе олардың саны артады, деп сендірді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети