02 қараша 2022 14:41

Жаңа үйлерді су басқан: Қостанай шенеуніктері жағдайды түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: alau.kz Фото: alau.kz

Қостанай облысы әкімдігі Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккендер алған үйлерді су басып қалу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысы әкімдігі Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккендер алған үйлерді су басып қалу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, жобада өрттен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлерге септиктер салу қарастырылмаған. Дегенмен, салынған үйлер ылғалдан қорғалған және су басу қаупі жоқ, деп сендірді ол.

"Әулиекөл ауданындағы өрт салдарын жою аясында зардап шеккендер үшін 91 тұрғын үй салынды. Жобада септиктер орнату қарастырылмаған, сондықтан уақытша септиктер мердігерлер есебінен жасалған. Бірнеше күн бойы жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің іргелес аумақтарында судың жиналуы байқалады. Сонымен қатар, инженерлік-геологиялық зерттеулерге сәйкес, үйлердің іргетасы ылғалдан қорғалған, үйлерге су кірмейді, су басу қаупі жоқ", - деді Берік Таңжарықов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта іргелес аумақтарда суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Таңжарықов "Бірлік" ықшамауданындағы тұрғын үйлердің жеке кәрізіне ЖСҚ әзірленетінін хабарлады. Жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Еске салайық, Қостанай облысындағы жаңа үйлердің тұрғындары жақында қоныстанған үйлерін су басқанын айтып шағымданғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети