22 желтоқсан 2021 12:06

Жаңажылдық мерекелер алаңдатады - ДСМ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова жаңажылдық мерекелер қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова жаңажылдық мерекелер қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалды дамытудың оптимистік сценарийі бойынша қаңтарда тәулігіне - 650, нақты - 1300, жағдай нашарласа, 3000 дерек тіркелуі мүмкін екенін айтты.

"Әр адам қауіпсіздік шаралары туралы әдеттегідей ойламаса, ұзақ демалыс пен мереке күндеріне байланысты пессимистік сценарий жүзеге асуы мүмкін. Біз не айтсақ та, қалай сақтандырсақ та, бұл - әр адамның өз қолында", - деді Есмағамбетова.

Ол қазақстандықтарды вакцина алуға және алдын алу шараларын сақтауға, соның ішінде бетперде тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, санитайзерлерді пайдалануға шақырды.

"Жаңажылдық корпоративке бармас бұрын ойланыңыз. Коронавирус кеткен жоқ, мутацияның жалғасып жатқанын көріп отырмыз. (...) Жалпыға ортақ міндет - пессимистік сценарийге жол бермеу. Сонымен қатар, әлемде ауырғандар саны артып келе жатқанын көріп отырмыз, ал бізде кейінгі төрт айда ауру азайып, 16 есе төмендеді. Осы жаңажылдық мерекелер бізді, дәрігерлерді, санитарлық дәрігерлерді алаңдатады", - деп толықтырды санэпидбақылау комитетінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети