03 қыркүйек 2019 14:32

Жаңаөзенде адамдар қайтадан алаңға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жаңаөзенде 500-ге жуық адам алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов кездесіп, сөйлесті, - деп хабайрлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңаөзенде 500-ге жуық адам алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов кездесіп, сөйлесті, - деп хабайрлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Серікбай Тұрымов жиналғандардың талаптарын тыңдап, тұрғындарды алаңдайтын мәселелер бойынша өзінің қабылдауына шақырды.

Сондай-ақ, қытайлық кәсіпорындары Қазақстанда және өңірде салынбайтынын айтты.

Алаңға шыққандармен Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев та кездесті.

2 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында жүздеген ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды. Олардың айтуынша, қалада жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары жетіспейді. Бұдан басқа, адамдар Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети