27 мамыр 2024 09:36

Жаңаөзенде түлектер мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай мұғалімге пәтер сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото. Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы Фото. Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы

Жаңаөзендік түлектер мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай мұғалімдеріне үш бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Lada.kz" сілтеме жасап.


Жаңаөзендік түлектер мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай мұғалімдеріне үш бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Lada.kz" сілтеме жасап.

№10 Жаңаөзен жалпы білім беретін мектебінің 2004 жылғы түлектері "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірлесіп физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Түлектер пәтердің кілтін мұғалімге 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады. Гүлнара Қарақойшиева қуаныштан көз жасын тыя алмай, шәкірттеріне алғыс білдірді. Қайырымдылық қорының демеушілері мен өкілдері де өз сыйлықтарын ұсынды.

Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам Жаңаөзен жастарының білім алуына өз үлесін қосып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 453.06   490.7   5.12 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети