17 сәуір 2023 12:39

Жаңаөзендегі жарылыс: қаза тапқандар саны артты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар ер адам, әйел және бала. Осылайша, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астынан төрт адамның денесі мен үш адамды тірідей шығарды", - делінген хабарламада.

Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды.

"Үйінділерді тазарту жұмыстарына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылардың ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан сарбаздары, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети