03 қаңтар 2022 14:11

Жаңаөзендегі оқиға: газ бағасы төмендейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет Жаңаөзендегі жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкімет Жаңаөзендегі жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатыны айтылған.

Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзған оқиғаны құқықтық жолмен бағалап, шаралар қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети