27 қаңтар 2014 16:28

Жанар-жағармай жымқырған шекарашы бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы облысында құны жеті миллион теңгеге жуықтайтын жанар-жағармай жымқырған шекарашы бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Талдықорған гарнизонының әскери сотына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Шекарашы "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап қылу" және "Қызметтік жалғандық" баптары бойынша айыпты деп танылған. Лепсі шекара тұрағының старшинасы В.Демочкин қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Сот үкімін апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін шекарашының қызмет бабын пайдалана отырып, жанармай, дизель отыны мен машиналар майын ұрлағаны хабарланған еді. Оның келтірген шығыны - 6,82 млн теңге. Өз қылмысын жасыру үшін Демочкин шекара заставасындағы жанар-жағармай есебіне жалған мәліметтер енгізген. Шекарашының ісі өткен жылдың қазана айында сотқа жолданған болатын. Осындай оқиға мұның алдында Қарағандыда тіркелді. Жоғары оқу орындарының бірінің әскери кафедрасының бастығы 160 тонна жанар-жағармай ұрлаған. Бұл өнім мемлекеттен оқу орындарының әскери техникаларына бөлінген екен. Әскери кафедра бастығы соттың шешімімен 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети