19 қараша 2021 16:43

"Жаңасын жаңаға". Алматылықтар көшедегі шамдарды ауыстыруға қарсы шағым айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматылықтар Құлжа трактіндегі шамдарды ерте ауыстыруға қарсы шағым айтты. Әлеуметтік желілерде осы жайтқа қатысты видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар Құлжа трактіндегі шамдарды ерте ауыстыруға қарсы шағым айтты. Әлеуметтік желілерде осы жайтқа қатысты видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жұмысшылар Алматыдағы Құлжа трактінде бағаналарды жинап жатыр.

"Бағаналарды көрдік, жаңасын қайта жаңаға өзгертіп жатыр. Құлжа тракті. Әуежайға апарар жолы. Бірақ бір жақсысы уақытша "Сергекті" алып тастады", - дейді ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ 2013 жылы Құлжа трактінде сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы жүргізілгенін хабарлады.

"2019 жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша желілерді жаңғырту жүргізіліп жатыр, ол ескі жаңа LED-шамдарға ауыстыруды, Smart-жүйе орнатуды және тіректерді ауыстыруды, сондай-ақ, сыртқы жарықтандырудың әуе желілерін кабельдік арналардағы жерасты желілеріне ауыстыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде электр энергиясын үнемдеуге және жеке жарық нүктелерін басқару мүмкіндігіне әкеледі. Smart-жүйе әрбір тармақты бақылауға және шамдардың жағдайы бойынша нақты уақыт режимінде ақпарат алуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады АЖК.

Компания бөлшектелген тіректер мен шамдар бұдан әрі Алматы қаласының жарықтандырылмаған учаскелерінде қолданылатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети