01 сәуір 2019 15:37

Жанат Құрманов "БЖЗҚ" АҚ төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Құрманов. © nationalbank.kz Жанат Құрманов. © nationalbank.kz

Жанат Құрманов "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жанат Құрманов "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

29 наурызда қор директорлары кеңесінің шешімі қабылданды. Сондай-ақ, Нұрбүбі Наурызбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Осыған дейін, Жанат Құрманов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1985 жылы Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "физика"мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Мәскеуде Экономика, Менеджмент және құқық институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Оксфорд университетін бизнес-мектеп бағдарламасы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын Жанат Құрманов 1985 жылы ҚазКСР ҒА ядролық физика институтында инженер ретінде бастаған. 1988-1996 жылдар аралығында Біріккен ядролық зерттеулер институтында (Дубна, Ресей Федерациясы) жұмыс істеді. 1994 және 1995 жылдары - Пенсильвания Штатының Университетінде (АҚШ). 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1996 жылдан бастап Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеді. 1996 жылдың желтоқсанынан 1999 жылдың желтоқсанына дейін қаржы басқармасының басшысы, қаржы жөніндегі вице-президент, "KBS" АОЗТ жобалардын басқарушы болды.

1999 жылдың желтоқсан айынан 2002 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сақтандыруды қадағалау департаменті мен банктік және сақтандыруды қадағалау департаментінде басшы лауазымдарын атқарды.

2002 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың ақпан айына дейін "МЖЗҚ "Жинақтаушы зейнетақы қоры"АҚ Бас директоры, Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап 2016 жылдың қаңтарына дейін банк және сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржы және инфрақұрылымдық ұйымдардың Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2012 жылдың мамырынан бастап "Қазақстан қор биржасы"АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыруды қадағалау департаментін, банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментін басқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі өкімімен Жанат Құрманов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети