Жаңбыр жауып, күн суытады: Астана мен Алматыда 19-21 мамырда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр жауып, күн суытады: Астана мен Алматыда 19-21 мамырда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 19, 20 және 21 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 19, 20 және 21 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

19 мамыр күн райы алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус жылы.

Жарнама
Жарнама

20 мамыр күн райы алабұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.

21 мамырда күн райы алабұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +15...+17 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

19 мамыр күн райы алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +22...+24 градус жылы.

20 мамыр күн райы алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.

21 мамырда күн райы алабұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.

Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райы сақталатынын айтқан. Ал батыс және оңтүстік облыстар оңтүстік циклонның ықпалында болып, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Нөсер жаңбыр 19, 21 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында, ал 19-21 мамырда Жамбыл облысында күтіледі. 20-21 мамырда солтүстік циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады – синоптиктер болжамы

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама